1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласы әкімдігінің  «Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясы»  КММ-сі мен Қазақстанның «ArtDance» Би порталының қолдауымен ауқымды «UniStar Astana» байқауы өтті. Байқауға Астана, Алматы қалаларынан, Ақмол, Жақсы аудандарынан қатысушылар келді.

Сайыста жалпы 547 қатысушы өнер көрсетті, ал 1100-ден астам көрермен байқауға қатысып, таланттарды қолдап, жарқын қойылымдарды тамашалады.

Байқауға 4-16 жас аралығында қатысушылар ән, би, инструменталдық және актерлік шеберлік бойынша өнер көрсетті.                                                                             Сайысқа қатысушылардың өнерін 5 әділ қазылар алқасы бағалап сайыс соңында демеушілерден ақшалай сыйлықтар мен  гран-при иегеріне                                            «Жыл қорытындысы» екінші премиясына арнайы шақыртуға ие болды.WoWLand жоба демеушісі ең үздік нөмірлерге    сертификаттар табыстады.

Бұл байқау жастардың шығармашылығын көрсетуге және өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін алаңға айналды.