2025 жылдың  4 мамыр күні «Астана Арена» стадионында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушылары мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында фотомозайка портретін салды.

Ерекше патриоттық іс-шараға елорданың бейнелеу өнері үйірмелерінің 600-ден астам баласы, 115 мемлекеттік тапсырысының өнім берушілері қатысты.

Балалардың бейнелеу өнері саласындағы жетістіктерімен бөлісу, жастардың бойында патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, батырдың ерліктерімен таныстыру және Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен үлгі тұтатын ерлігі арқылы тарихқа құрметті нығайту.

Бауыржан Момышұлының портреті 32*70 метр форматына сәйкес орындалады. Портреттің жалпы аумағы – 2736 шаршы метрге дейін жетті.

Туынды дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізілді.