Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «ArtSport» ақпараттық платформасында табельдерге қол қою тек электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып жүзеге асырылатындығы туралы хабарлаймыз! Мұқият болыңыздар: SMS-код арқылы табельдерге қол қойылмайды. Мұндай хабарламаларға жауап бермеуді және ЭЦҚ-кілттермен келген SMS кодтарын үшінші тұлғаларға бермеулеріңізді сұраймыз!
Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мониторингтік тобы бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылдың мамыр-шілде айлар аралығында шығармашылық үйірмелерді іске асыру шеңберінде 108 өнім берушінің қызметіне жоспарлы көшпелі мониторингін жүргізді.
Кеште балалар хореография, вокал, домбыра және актёрлік шеберлік өнер бағыттары бойынша бір жылда меңгерген қабілеттерін көрсетті. Бұл концерт – балалардың шығармашылығын дамытатын орталықтың жемісті еңбегінің көрінісі.
Artist өнер студиясы жылдық есеп беру мақсатында “Бремен музыканттары” спектаклін сахналады. Бұл қойылым студия тәрбиеленушілерінің бір жыл ішінде меңгерген актерлік шеберлігі мен сахналық сөйлеу дағдыларының нәтижесін көрсетеді. Есептік шараға ата-аналар мен арнайы қонақтар қатысып, балалардың өнеріне жоғары баға берді.
Сұңқар өнер және спорт орталығының жыл сайынғы есеп беру концерті өтті. Концерттің мақсаты ата-аналар алдында балалар өздерінің өнерін, жеткен жетсістіктерін көрсету болып табылады. Балаларымыз жыл бойы қаншама еңбек етіп, талай сахнаға шығып, жүлделі орындар алып өз өнерлерін паш етіп келеді. Биыл орталықтың құрылғанына 10 жыл толды.
3 ЖЫЛ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ 3 жыл – өнер, еңбек, жеңіс, шапалақ! Бір сахнада – талант пен жүрек! Бұл кеш – әр сәттің, әр баланың жетістігі!
30.05.2025 күні үлкен Гала концерт өтті! Бұл концерт — жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін есеп беру кешімен жалғасы. Биыл орталықтың құрылғанына 7 жыл толып отыр! Әрбір өнерпаздың, әрбір ұстаздың сіңірген еңбегі орасан. Бірлік пен шығармашылықтың, маңдай тер мен шабыттың нәтижесі осы кеште айқын көрінді.
Oñpai балаларды жан-жақты дамыту орталығының жыл сайынғы есептік концерті бейнеленген. Бұл концертте балалар бір жыл ішінде үйренгендерін көрсетті. Жыл сайын ата-аналар мен мәдениет басқармасы өкілдерінің қатысуымен жарқын концерттер өткізіп, балалардың талантын дамытатын орталық.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ-сі мен Қазақстанның «ArtDance» Би порталының қолдауымен ауқымды «UniStar Astana» байқауы өтті. Байқауға Астана, Алматы қалаларынан, Ақмол, Жақсы аудандарынан қатысушылар келді. Сайыста жалпы 547 қатысушы өнер көрсетті, ал 1100-ден астам көрермен байқауға қатысып, таланттарды қолдап, жарқын қойылымдарды тамашалады. […]
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Отан үшін отқа түс, күймейсің» атты Бауыржан атамыздың портретінің Дүниежүзілік рекордтар кітабына енуі туралы сертификаттарын табыстау іс-шарасы